Бүгінгі қоғамда жасөспірімдердің қатыгездікпен қылмыс жасауы өршіп тұр. Солардың бірі Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына кәмелетке толмаған жасөспірімнің ҚР ҚК-нің 106 бабының 2 тармағының 7 тармақшасымен қылмыстық іс қаралды. Бұл жөнінде аталмыш соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Сотталушы бұрын соңды танымайтын бейтаныс жәбірленушіні көшеде тұрған жерінен ұрып-соғып, шаппа пышағымен өміріне қауіпті жерден жарақат салған.
Сот отырысында кәмелетке толмаған сотталушы жәбірленушімен татуласып істі қысқартуды сұрады.
Кәмелетке толмаған сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 2-бөлігінің 7 тармағымен кінәлі деп танып, 5 (бес) жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63 бабы қолданылып, тағайндалған жазаны шартты деп есептеліп, 1 (бір) жыл сынақ мерзім белгіленді.
Кәмелетке толмаған сотталушыға тәрбиелік мәні бар шаралар қолданылып, тұрақты мекен-жайын, жұмысын, оқу орнын өзгертпеудi және ойын-сауық мекемелерге кешкі сағат 20-00-ден таңертенгі сағат 08-00 дейін бармауға міндеттелді. Сотталған жасөспірімге мінез құлқын бақылауды Қызылорда қалалық қылмыстық атқару инспекциясына жүктелді.