Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өңір экономикасында өсім бар

Ағымдағы жылдың 7 айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 408,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінде пайдалы қазбаларды өндіру 11,9 %-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсету 17,1%-ға өсім алды. 
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ринат Құдайбергенов хабарлады. 
 Сонымен қатар, осы кезеңде өңір экономикасына 134,3 млрд. теңге инвестиция салынған. 38,1 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалып, 358,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2021 жылдың  1 тамызындағы деректер бойынша  17 985 жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде тұрақтысы 7350 болған. 7 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 38,6 млрд. теңгені құраған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: