Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тағы бір өнер жұлдызы ашық образын паш етті (фото)

Отандық танымал актриса Құралай Анарбекова әлеуметтік желіде ерекше фотосымен бөлісті. 31 жастағы киножұлдыз мінсіз мүсінін паш етіп, барша ерлер қауымын өзіне қаратты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Құралай Анарбекова 2021 жылдың күтізбесіне арналған фотосессияға қатысып, оның нәтижесінде шыққан суретпен бөлісті.
Өнер иесі аталмыш фотосын Instagram парақшасында жариялап қойды. Онда актриса денесіне жабысып, бар мінсіз мүсінін көрсетіп тұратын сұр түсті көйлекпен тұрғанын көруге болады.
Желі қолданушылары киножұлдыздың жаңа суретін бірден қызу талқыға салып, оған қатысты ойын ашық айтты.
Құралай Анарбекованың талдырмаш мүсініне әсіресе ерлер қауымы тәнті болды. Азаматтар актрисаның жаңа фотосын аямай лүпілдетіп, оған жүрекжарды жазбаларын қалдырып жатыр. "Талдырмаш мүсінді ару" , "Бір мін жоқ. Керемет фото" , "Жарайсың Құралай, әрдайым көріктісіз" , "Осы актриса еш өзгермейді. Әркез сұлу да сымбатты" , "Мына фотоңыз от" , "Фигураңыз керемет, тәнтімін" , "Айтарға сөзім жоқ. Өте сұлусыз Құралай" , "Әдемісіз Құралай. Маған тұрмысқа шығасыз ба" , "Сіз талай ер азаматқа армансыз ғой" , - деп жазуда желі қолданушылары.

 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: