Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

 Үздік педагогтар пікірі білдірді 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен жақында өткен дәстүрлі «Үздік педагог» республикалық байқауында сырбойылық 5 ұстаз «Үздік педагог» атағының иегері атанды.  Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өз еңбегімен топ жарып, құрмет төрінен көрінген ұстаздар брифинг өткізді.


- Бұл байқау 2012 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Жалпы, конкурс үш кезеңнен тұрады. Аудандық, облыстық кезеңнен өткен ұстаздар республикалық кезеңде бақ сынайды. Биыл байқауға 961 мұғалім қатысты. Әр кезең бойынша іріктеліп, 139 мұғалім республикалық кезеңге жолдама алды. Олар бас қаладағы білім ордаларында өздерінің біліктілігін көрсетіп, 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына лайық деп танылды, - деді №3 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің мұғалімі Әсел Пірмағамбетова.
- Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Себебі еліміздің түкпір-түкпірінен білікті мамандар қатысып, практикалық, теориялық тұрғыдан өзара сынға түсті. Бұл білім бәйгесінде заманауи технологиялармен қатар, білім үдерісінде инновациялық көзқараспен ұстаздардың тәжірбиелеріне мән берілді. Сондай-ақ, осы байқаудың арқасында әр өңірдің ұстаздарымен өзара тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік туды. Үздік атанған әріптестерімді құттықтаймын!, - деді Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Әсия Боранғұлова. 
- Республикалық кезеңге Қызылорда облысынан 10 ұстаз барған болатынбыз. Барлығымыз сайыс тапсырмасына сәйкес, ашық сабақтар өткіздік. Ұстаздың кәсібилігі осы сабақтардан көрінді. Өйткені күнделікті өзіміздің шәкірттерге емес, бейтаныс оқушыларға сабақ бердік. Әрине әр сабағымызды ерекше әрі өзгеше идеямен өткізуге барымызды салдық. Сабақ берудегі әдіс-тәсілдеріміздің қорытынды бағасын қазылар алқасы таразылады. Аталмыш байқаудағы ең жас педагогтардың бірі мен болдым. Десе де, үздіктер қатарынан көрінгеніме қуаныштымын, - деді Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімі Жазира Тынымбек.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: