Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың өмірі мен денсаулығы – қоғамның басты құндылығы. Ата-аналар мен мұғалімдер үшін жаз мезгілінде өзекті болатын мәселелердің бірі – балалардың терезеден құлап кету қаупі.

Әсіресе, көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын отбасылар үшін бұл өте маңызды әрі аса сақ болуды қажет ететін жағдай. Өкінішке қарай, мұндай оқыс жағдайлар еліміздің әр өңірінде тіркеліп жатады. Бұл жағдайдың басты себебі – қауіпсіздік талаптарының сақталмауы мен ата-аналардың бақылауынсыз ашық қалған терезелер болып отыр.
Осыған орай, түрлі қайғылы әрі оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында оқушыларға жүйелі түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – «Терезе қауіпсіздігі ережелерін бірге үйренейік» іс-шарасы. Шара барысында оқушыларға терезе маңындағы қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндіріліп, бейнероликтер мен тақырыпқа сай слайдтар көрсетілді.
Іс-шарада оқушыларға терезе маңында өзін қалай ұстау керектігі туралы нақты мәліметтер берілді. Атап айтқанда:
- балалардың терезе алдында жалғыз қалмауы;
- москит торларының қауіпсіздікке кепілдік бермейтіні;
- терезе алдына орындық, үстел немесе басқа да заттарды қоймау;
- терезеге жақын ойнамау керектігі айтылды.
Сондай-ақ, ата-аналарға терезелерге арнайы қауіпсіздік торларын орнату, шектеуіштер қою және балалары үйде болған кезде терезені ашық қалдырмау жөнінде кеңестер берілді. Жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауына байланысты көп жағдайда терезелер ашық тұрады. Ал дәл осы сәттерде балалардың қауіпсіздігіне мұқият болу аса маңызды. Себебі кішкентай балалардың қызығушылығы мен айналаны тануға деген талпынысы қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Бала терезе алдына мініп, сыртқа қарап тұрған сәтте тепе-теңдігін жоғалтып, құлап кету қаупі жоғары. Ал москит торлары салмаққа төтеп бере алмайды. Сол себепті, балаларды терезе маңынан алыс ұстау, қауіпсіздік құралдарын орнату және әрдайым қырағылық таныту  ата-ананың тікелей жауапкершілігіне кіреді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: