Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Майталман Мұхаммеджан

Қазіргі таңда ауыл тұрғындары ішінде мақсатын айқындап, қадамын нықтап кәсіпкерлікке бет бұрғандардың қатары артып келеді. Бүгінде елімізде өз кәсібін ашамын деген жанға мол мүмкіндік қарастырылған. Тек алға ұмтылып табанды еңбек етсең болғаны. Осылайша «Бизнес Бастау» бағдарламасының игілігін көріп отырған жанның бірі– Мұхаммеджан Бақытұлы.
Ағаштан түйін түйіп, ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген шебер Шиелі кентінде тұрады. Өзі үйінен шағын шеберхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол 2019 жылдың желтоқсан айында қайтарымсыз 500 мың грантқа қол жеткізген. Алған ақшаға арнайы ағаш жонатын аппарттар мен астауға қажетті құрал-жабдықтар түгендейді.
– Менің қолымнан шыққан осындай қазақы оюлармен жасалған астаулар ел игілігіне жарап жатса – мен үшін үлкен қуаныш. Тұтынушыларым оң бағасын берсе, жұмысқа деген жауапкершілік артып, сенім нығаяды. Екі қолға бір күрек тауып еңбек етемін деген адамға мол мүмкіндік қаралған. Тек бойыңдағы еріншектік пен жалқаулықты жеңе білуің керек, – дейді шебері. Кейіпкеріміздің барғанымызда бос уақыты жоқ екенін байқадық. Тапсырыс қабылдау, оны уақытында орындау сияқты күнделікті тіршілік астасып жатыр. Сондай ақ жұмысына емен, қарағай, қарағаш, жаңғақ ағаштарын қолданады. Біздің қазақтың жайылған дастарханында ағаштан жасалған кесе, ожау мен астау бұйымдары болса құба-кұп болар еді. Күнделікті тұрмыста байқағанымыздай соңғы кезде ұлттық нақыштағы ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарға сұраныс артқаны белгілі. Тапсырыс болған жерде өз ісін жетік білетін хас шеберлердің де кәсібі өрге домалайтыны сөзсіз. Бұл жігіттің арманы жаһандық дәуірге жұтылып кеткен төл өнерімізді өскелең ұрпаққа дәріптеу басты міндеті санайтынын айтты. Өңірімізді өркендетуге өз үлесін қосып, салт-дәстүріміздің шырағын сөндірмеу бүгінде оның басты мақсатына айналған. Дегенмен биылғы жылдан бастап, осы істі қолға алған Мұхаммеджанның бұл бастамасы бізді қуантып отыр. Халқымыздың көне заманнан келе жатқан қолөнерін меңгеріп, ата дәстүрін жалғап келе жатқан осындай шеберлерді көргенде қуанасың. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: