Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ ӨЗІН ӨЛТІРЕ ЖАЗДАҒАН КҮЙЕУІН НЕ ҮШІН КЕШІРГЕНІН ТҮСІНДІРДІ (ВИДЕО)

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ ӨЗІН ӨЛТІРЕ ЖАЗДАҒАН КҮЙЕУІН НЕ ҮШІН КЕШІРГЕНІН ТҮСІНДІРДІ (ВИДЕО)

 

Қазақстандық белгілі продюсер Баян Мақсатқызы блогер Эльвира Ерғалинаға берген сұхбатында күйеуін не үшін кешіргенін түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ.
«Шешім қабылдау өте қиын болды. Мен шынымен де оны кешірдім, біздің балаларымыз бар. Ол адаммен 22 жыл бірге тұрдым. Соның барлығын сызып тастай алмадым. Себебі ол жақсы адам, жақсы күйеу, жақсы әке болды. Ал арамызда болған нәрсе – біздің үлкен мәселеміз. Тіпті, Құдай кешіреді, біз кімбіз!?», - дейді продюсер.
Естеріңізге салсақ, 10 маусым күні Баян Мақсатқызын күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз соққыға жығып, бірнеше жерден пышақтап тастаған. Бақытбек Есентаев қамауға алынып, Баян ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын. Бірнеше ай өткен соң, продюсер журналист Динара Сәтжанға эксклюзивті сұхбат беріп, онда болған жайттың мән-жайын толық түсіндіріп берген.
Ал күні кеше өткен сот тыңдалымдары кезінде Баян Мақсатқызы өзінің күйеуі Бақытбек Есентаевты кешіргені туралы ақпарат таралды. Продюсердің қорғаушысы Марат Асқарбеков Баянның әрекетін ерлікке балаған.




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: