Сотталушы Ш. полиция қызметкеріне жасаған дөрекілігі үшін бас бостандығынан шектелді.
Оқиға барысы төмендегіше өрбіген. "Ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген, полиция нысанындағы киімінде болған, Шиелі АІІБ-нің Әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты Ж-ты көреді. Сотталушы оның полиция қызметкері екендігін біле тұрып, автокөлігінің терезесінен басын шығарып, оған себепсізден-себепсіз ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Артынша оған ұялы телефон арқылы хабарласып, «сол жерде тұр, мен қазір барамын» деп айтып, оның автокөлігімен тоқтап тұрған жері «Шымкент-Самара» тас жолының бойында орналасқан «Синойл» маю құю бекетінің қасына барған. Сол жерде полиция сақшысына жеңіл дәрежелі дене жарақаттарын салған" деп хабарлайды Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сөйтіп сотталушы Ш. билік өкілінің өз лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданған.
Сот, сотталушы Ш-ты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді.