Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ ӘЖЕЛЕР ӘН САЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ӘЖЕЛЕР ӘН САЛДЫШиелі ауданында өнердің көшін өрлетіп, өмірлерін әнмен өрнектеп жүрген «Ақ жаулықты әжелер» ансамблінің арасында «Әжелер салған ән қандай» атты байқау өткізілді. 
Аудан әкімдігінің қолдауымен өткізілген байқауға әр елді-мекеннен 15 топ, 130 өнерлі әжелер қатысты. Асыл үрдістің желісін одан ары дамытып келе жатқан әжелер ансамблі байқауына қатысушыларды аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы құттықтап сәттілік тіледі. 4 сағатқа созылған байқауда әжелеріміз қазақы нақыштағы әндерді орындауда шеберлік танытты. 
Қазылар алқасының әділ шешімі бойынша бас жүлдені Бала би ауылынан келген «Ғұмыр дария» әжелер ансамблі, І орын Бидайкөл ауылдық округінің әжелері, ІІ орын Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтерінің әжелері, ІІІ орын Байсын, Керделі, Телікөл ауылдық округтерінің әжелер ансамблі иеленді. Ауданымыздың мәдениет саласының дамуына өз үлестерін қосып, халық әндерін насихаттап жүрген әжелер ансамблінің жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: