Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдариялық 30 отбасы баспаналы болды

Сырдариялық 30 отбасы баспаналы болдыТәуелсіздік күні қарсаңында Сырдария ауданында 30 отбасы баспаналы болды. Қоныс иелерін қуанышымен облыс әкімі Қ.Көшербаев бөлісіп, аудан тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Аудандағы аграрлы-техникалық колледждің бұрынғы жатақханасының ғимараты қайта жаңғыртылудан өткізілді. Бұл оқу орнында 230 студент білім алатын болса, соның 100-ге жуығы алыс ауылдан келеді. Енді оқу орнының шәкірттері туған-туыстың үйін жағаламай жайлы жатақханағада тұрады. Сондай-ақ, осы жатахана ғимаратының жартысын тұрғын үй ретінде пайдалануға берілді. 30 пәтердің 10-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 12-сі әлеуметтік жағынан осал топтарға, 4-і бюджеттік сала қызметкерлеріне және 4 пәтер қызметтік тұрғын үй есебінен табысталды. 
- Бүгін ерекше қуанышты күн. Халқымыз үшін ұлық мереке - ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында баспаналы болып отырсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын, ел тәуелсіздігі тұғырлы болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: