Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰДЫҚҚА ТҮСКЕН БАЛА ҚҰТҚАРЫЛДЫ

 

Қаламыздағы Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі белгілі бір жеке серіктестіктің аяқсыз қалдырған жұмысының нәтижесінде сол жердегі тұрғындардың бірі Санжар есімді бала сол қазулы қалған құдыққа түсіп кеткен, здеп хабарлайды Қоғам-ТВ телеарнасы. 
Санжарды құтқарған Жарқынбай күндегі әдетінше сыртта отырған, жұмыс істеп жатқан құрылыс мекемесі тірлігінің не болып жатканын көру үшін қазулы тұрған жерге барған, сол уақытта Санжардың қазылған құдыққа түсіп, шыға алмай жатқанын көріп көмек көрсеткен. Жедел жәрдем шақырып облыстық медицина орталығына апарып баланың жағдайын тексерткен. 
Дәрігерлердің айтуынша баланың денсаулығы жақсы, ешқандай қауіп жоқ екен. Гауһар баласының осындай жағдайда қалғанын құрылыс жұмысымен айналысатын жеке серіктестіктің қызметкерлерін кінәлайды. Оның айтуынша бұл мекеменің аяқсыз қалдырған осы ісінің осылай ашық-шашық, қоршаусыз тұрғанына 10 күннен асыпты. 2 жасар Санжар «Сыр бөбегі» балабақшасының бүдіршіні. 3 баланың анасы Гауһар баласын құтқарып аман алып қалған көршісі Жарқынбайға отбасының атынан алғысын айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: