Қармақшы ауданы әкімі С.Мақашов пен Жаңажол ауылдық округінің әкімі Б.Тәуекелов ауыл тұрғындары алдында есеп берді.
Өткен жылы біршама жұмыстар атқарылды, ауыл тұрғындары негізінен ауылшаруашылығы саласы, кәсіпкерлік саласы және әлеуметтік салада еңбек етуде. Ауыл тұрғындарының басым бөлігін, яғни 435 адамды «Жаңажол» ЖШС жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік диқандары жылдағы жүрістерінен жаңылмай былтыр 3200 гектар күріштің әр гектарынан 72,1 центнерден өнім алды. Сондай ақ, шаруашылық ауыл тұрғындарының көкөніс-бақша дақылдарын егетін алқаптарын дайындап, тұрғындарды қысқы отын және ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етеді, ауылды абаттандыру жұмыстарына қаражат бөліп, тұрғындарының лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға белсене атсалысып келеді.