Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Туристік нысандарды қайта түгендеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда өңірімізде орналасқан туристік нысандарға жаңадан маршруттар құрып, қол жетімсіз жерлерге туристерді жеткізу мүмкіндіктері қарастырылып және толығымен дерлік туристік нысандарды қайта түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл ретте 29 туристік нысаннан 83 инфрақұрылымдық мәселелер анықталып, кезең-кезеңімен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» бағдарламасына енгізу бойынша шаралар қабылдануда.
Осыған байланысты, облыстың біршама туристік нысандары, жол картасының орындалуына жауапты басқармаларға ұсыныс ретінде енгізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар, алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Сала бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыруы жоспарланған шаралар:
- Қыркүйек айында «Дүниежүзілік туризм күніне» арналған туристік фестивалін өткізу;
- Қыркүйек айының 24-26 күндері аралығында Алматы қаласында өткізілетін «KITF-2020» халықаралық туристік көрмесіне қатысу, туристік имиджі көрсету;
- Жыл соңына дейін ресми туристік-ақпараттық сайтын іске қосу;
- Жыл соңына дейінгі мерзімде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында кем дегенде 2 жол бойы қызмет көрсету кешенін іске қосу; (Арал, Жаңақорған аудандары)
- «Қамыстыбас» демалыс аймағының инфрақұрылымдық мәселелерінің шешімін табу;
- Жағажайларды статистикадық есепке алу мәселесін қарастыру.
- Орналастыру орындару халықаралық онлайн-брондау жүйесіне тіркеу;
- Облыстың туристік әлеуетін әлеуметтік желілерде ілгерілету;


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: