"Серпін-2050" әлеуметтік жобасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Сырдария ауданының ауылдарындағы барып жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді.
Жобаның облысымыз бойынша үйлестірушісіЖасұлан Серіковтің хабарлауынша, кездесуде кәсіптік бағдар беру, "Серпін" бағдарламасы, қаржылық сауаттылық жəне кәсіпкерлік негіздері жайлы тақырыптар қозғалды. Бұл кездесулер "Каспий Банк" АҚ-ның қолдауымен "Қаржылық сауаттылықты арттыру" жобасы аясында өтіп жатыр.