Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШӘКЕН АУЫЛЫНА ЖАҢА ТЕХНИКА ТАБЫСТАЛДЫ

ШӘКЕН АУЫЛЫНА ЖАҢА ТЕХНИКА ТАБЫСТАЛДЫХалықаралық Аралды құтқару қорымен Қазалы ауданы көп жылдан бері әлеуметтік саланы жақсартуда бірлесіп жұмыс жасап келеді. 
Аталмыш қор аудандағы көркейту-көкалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техникалар мен барлық мектептерге шағын жылу қазандығын алып берді. Соңғы 3 жылдың өзінде аудандағы шет аймақтар болып саналатын ауылдарға халықтың тұрмыстық әлеуетіне әсер ететін техникаларды қордың есебінен алып беруде. 
2013 жылы Сарбұлақ ауылдық округіне жедел- жәрдем автокөлігін, және трактор тіркемесімен алып берілсе, өткен жылы Тасарық ауылдық округіне де трактор тіркемесімен алынды. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын табуда. «Халықаралық Аралды Құтқару Қоры» әкімгершілік бөлімінің басшысы Досжан Нұрбатыров Шәкен ауылдық округіне қор есебінен техника кілтін табыстады.
Өз кезегінде Д.Нұрбатыровқа аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың Алғыс хаты табысталды. Ал келер жылы шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтарға ескі құдықтарды жөндеуге қолдау көрсетілмек.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: