Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Құс шаруашылығын қолға алды

Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылындағы «Жан-Арай» құс қожалығының жұмыс жасайды. 
Қожалық бес жылдай бұрын жұмысын бастады. «Жан Арай» шаруа қожалығына 3 мың дана жұмыртқа әкелініп, қазір одан 2600-дей балапан шығарылды. Оның 660-ға жуығы – қаздың балапаны, қалғаны – үйректер.
 Межеленген салмағына келген кезде үйрек 4 келі болғанда, қаз 7 келі болған кезде ішіндегі қораздарын алып, сойып, одан жартылай фабрикат жасап, облыс халқына ұсынамыз деген жобамыз бар.
- Алдағы 10-15 күнде қанаттылар Айдарлы ауылы маңыңдағы көлге жіберіледі. 
Біз балапандарды күнделікті 3 мезгіл жемін, суын үзбей беріп отырамыз. Өйткені бұлар суға көп бағынышты болғаннан кейін тұрақты су-жем беріп отыру керек. Бұларды арнайы қадағалауда ұстау керек. Себебі олар әлі өте нәзік.
Үйрек пен қаздың жұмыртқалары инкубаторлық сандықшада бастырып шығарылады, - дейді қожалық мүшелері.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: