Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл кәсіпкері мемлекеттік бағдарлама игілігін көрді

Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» ретінде жарияланған тұста, мемлекет қолдауына ие болып, кәсібін дөңгелетіп отырған іскер азаматтың бірі – Тұрғанбек Рыспанбетов.
Ол – 2015 жылы мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген демеу қаржы алып, құрылыс материалдарын шығаруды қолға алды. Ол да, қабырғалық блок өнімін (шлакаблок) құюды бастайды. Жеңілдетілген қаржыға шлакоблок құятын аппарат, еуроқұрылғы, қоспаны араластырғыш (миксер) секілді заманауи жабдықтарды алады. Қазіргі таңда күніне 500-600 дана қабырғалық блок құютын Тұрғанбек Рыспанбетовтың шаруасы ширақ. Тірлігі тиянақты.
– Көктем мезгілі басталғалы тұрғын үй соғу науқаны қарқын алды. Тұрғындар тарапынан шлакоблок өніміне сұраныс жоғары. Сұранысқа сай сапалы құрылыс материалын шығару – біздің басты ұстаным. Күндігіне 500-600 дана шлакоблок құйып, 85 теңгеден сатудамыз. Алдағы уақытта тағы да мемлекет қолдауы аясында кәсіпті кеңейту жоспарда бар. Өзіміздің адал еңбегімізбен, маңдай терімізбен нәпақамызды тауып отырмыз. Жалпы, қазір елімізде еңбек етуге ниеті бар кез келген адам жұмыссыз қалып жатқан жоқ, – дейді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: