Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Еңбек құқықтарының бұзылғаны анықталды

Еңбек құқықтарының бұзылғаны анықталдыАрал аудандық прокуратурасымен Арал қаласының тұрғыны Р.Аймағамбетованың арызы бойынша «Арал қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «әрі қарай- МКҚК» қызметінде еңбек заңнамаларының қолданылуына тексеру жүргізілді.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабаралуынша, тексерумен «Арал қалалық мәдениет үйі» МКҚК-да еңбек заңнамаларының сақталмайтындығы, азаматша Р.Аймағамбетованың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілгендігі анықталды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 55 бабында осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 17) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңінде еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейтіндігі көрсетілген.
Сонымен қатар, Кодекстің 73-бабына сәйкес, жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады делінген.
Алайда, МКҚК-ны директорының уақытша міндетін атқарушы А.Тұяқовамен аталған заң талаптары сақталмағандығы белгілі болды.
Осыған орай, аудандық прокуратурамен «Арал қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 02.10.2014 жылғы бұйрығының күшін жою туралы наразылық енгізілді.
Наразылықтың қаралу қорытындысымен бұйрықтың күші жойылып, арызданушы Р.Аймағамбетова бұрынғы жұмысына қайта орналастырылып, арызы толық қанағаттандырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: