Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Егінді ысырапсыз жинауға мән берілмек

Егінді ысырапсыз жинауға мән берілмекҚазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов жергілікті диқандармен кездесті.
Егіншілердің жаз бойы төккен маңдай терлерінің өтемі күзде қайтады. Сырдағы басты дақыл – күрішке орақ түсіп, қырмандарда бой көтере бастағанына біршама уақыт болды.
Н.Шамұратов аудандағы «РЗА», «Сыр маржаны», «Жалаңтөс батыр» серіктестіктерінің қырман басындағы қарбалас тіршілігімен танысты. Өзгелерден оқ бойы оза шауып жүрген қазалылық күрішшілердің биылғы жылғы қимылдарының ширақ екендігін байқаған аудан басшысы диқандарға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, аудан бойынша күзгі егін науқанына қажетті ауылшаруашылық техникалары толық қамтамасыз етілген. Сол сияқты аса қажетті дизель отыны мен жанар-жағармайға деген егінші-механизаторлар сұранысы да дер кезінде қамтамасыз етілуде. Науқандық жұмысқа қатысушыларға барлық жағдай жасалған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: