Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әкелі-балалы жұптар сайысқа түсті

Әкелі-балалы жұптар сайысқа түстіҚазалы ауданы Басықара ауылында «Жастарды қолдау орталығы» МКМ Қазалы аудандық бөлімі мен «Басықара ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бірлесіп ұйымдастыруымен «Әке көрген оқ жонар» атты аймақтық әкелі-балалы жұптарының байқауы болып өтті. 
Талапкерлер сайыстың ережесіне сәйкес «Әке – бәйтерек, бала - жапырақ» деп аталатын кезеңде әке мен балалы жұптар өздерін көпшілікке таныстырса, «Әкенің жақсы ісі– баланың даму сатысы» деп аталатын кезеңде әкенің бала тәрбиелеудегі рөлі сахналық көрініс арқылы жеткізілді. «Ат тұяғын тай басар» кезеңінде әке баласымен бірге бойдағы өнерлерін көрсетті және «Әке көрген оқ жонар» деп аталатын кезеңде дайындап келген қолөнер бұйымдарын таныстырды, «Жүректен- жүрекке» деп аталатын соңғы кезеңде әке мен бала арасындағы махаббаты өздерінің лебіздері арқылы білдірілді. 
Сайыстың нәтижесінде Өркендеу ауылынан қатысқан әкесі Көмекбай Бөлекбайұлы мен баласы Талап Көмекбайұлы бірінші орынды жеңіп алса, Басықара ауылынан қатысқан әкесі Ғалымбек Әбдулямитұлы мен баласы Бердібек Ғалымбекұлы екінші орынды және Жанқожа батыр ауылынан қатысқан әкесі Мейрамбек Тілеубергенов пен баласы Еркін Мейрамбекұлы үшінші орынды иеленді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: