Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада биыл құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ

«Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында облыс бойынша 276 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 37 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында 9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылуда. 
Бұл туралы облыс әкімі Г.Әбдіқалықова өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бейресми кездесуінде атап өтті. 
Биыл әлеуметтік-мәдени нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 12,3 млрд. теңгеге 125 жоба іске асырылуда. Ал тұрғын үй-коммуналдық нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 7,5 млрд. теңгеге 42 жоба қолға алынған. Сондай-ақ, инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту құрылысына 14,5 млрд. теңгеге 62 жоба іске асуда. Елді мекендері абаттандыру бағытында 2,7 млрд. теңгеге 47 жоба жасалып жатыр. 
Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін, жаңа нысандардың құрылысы арқылы 452 тұрақты жұмыс орындары ашылады. Облыста құрылыс қарқыны да бәсеңдеген жоқ. Жоспарлы 30 әлеуметтік нысанның 22-сі жыл аяғына дейін салынады. 
Бүгінде 1406 пәтерлі 87 үйдің құрылысы жүріп жатыр.     Жыл соңында соның 74-і пайдалануға беріліп, 1000-ға жуық жерлестеріміз жаңа қонысқа көшеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: