Студенттер 10 мың теңге бейнесіндегі торттан ауыз тиді
Ұлттық Банк теңгенің төл мерекесіне орай, қаржы саласы бойынша білім алып жүрген колледж студенттеріне, он мың теңгенің суреті бейнеленген тәтті нан тарту етті.
11-13 қараша аралығында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне Ұлттық Банктің бастауымен түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Алдын ала ниет білдірген оқушылар кез- келген азаматқа рұқсат етіле бермейтін теңге мұражайына кіру мүмкіндігін алған.
Шараның алғашқы күні Халықаралық Бизнес Академиясы жанындағы колледж студенттері түрлі интелектуалдық ойындар ойнады.
Ұлттық Банк өкілдерінің төрелігімен жеңімпаз атанғандарға тәттілер үлестірілді. Ал, елу адамға есептелген мына торт шараға қатысқандардың бәріне арналды.