Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшыда күрішке орақ түсті

Қармақшыда күрішке орақ түстіҚармақшы ауданының ІІІ-Интернационал ауылынан бастап алғаш күрішке орақ түсті. Аудан əкімі Сұлтан Мақашов биыл өнім мол болсын деп, барша диқан қауымына сəттілік тіледі. 
Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен мән беріліп келеді. Ауылшаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылы барлығы 21 983 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде 15 390 гектарына  күріш дақылы себілді.  Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 596 гектарға немесе 102,8 пайызға, күріш көлемі 1069 гектарға, немесе 107,5 пайызға  артық егілді.
Егілген күріш алқабының 10,4 пайызына «Маржан», 58,1 пайызына «Лидер», 31,5 пайызына «Янтарь» сорттары орналастырылды. Көктемгі егіс науқаны ұйымшылдықпен өтті. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: