Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов салада 2016 жылы атқарылған жұмыстар барысын баяндады. 
"Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету инспекцияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылатындықтан бұл бағыттағы проблемалық мәселелерді жүйелі түрде шешімін табу мақсатында 2016 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қызылорда облысы әкімімен бекітіліп, тиісті шаралар қолға алынды. Бірлескен тексерулер және тиімді бақылау жұмыстарының нәтижесінде автомобиль көлігін де реттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын сақтамаған 1602 құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды" - деді инспекция басшысы. 
Айта кетерлігі, заң бұзушылықтар бойынша салынған 105 млн теңге әкімшілік айыппұлдардың 94 млн теңгесі (88,7 %) өндірілген және анықталған заң бұзушылықтардың үштен бірі ауыр салмақты автокөліктермен белгіленген салмақтық параметрлерінің сақталмау фактілерінен орын алған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: