Шиелі ауданында тұратын Бақыт Қалымбет мал шуарышылығын дамытуға көңіл бөлді.
Ол аталмыш мақсатта Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан 9,7 млн теңге несие рәсімдеп, 323 бас қой мен мал азығын сатып алған болатын.
Қой шаруашылығын дамытуды мақсат тұтқан кәсіпкер қазір шағын несиенің шарапатын көріп отыр. Қойын қоздатып, мал басын арттыруда. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қордан несие алған мыңдаған ауыл азаматы өз алдына кәсіпкер болып кетті.