Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда бабалар мерейтойы өткізіледі

Қазалыда бабалар мерейтойы өткізіледіҚазалыда Бекарыстан бидің 250 жылдығы мен Ақтан батырдың 245 жылдығы 30 қыркүйек күні өтетін болып белгіленді. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда бабалар жолын ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында білім беру орындарында конференциялар мен танымдық тәрби сағаттары өткізілуде.
Мерейтой аясында кітапхана көрмелері, ғылыми-танымдық конференция, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бабалар туралы жинақ шығару үшін деректер зерттелу үстінде. Мерейтой аясында гүлдер жәрмеңкесі, жыршы-термешілердің аймақтық фестивалі, ақындар айтысы, ат бәйгесі, т.б. спорттық сайыстар өткізілетін болады. Сонымен қатар, Бекарыстан би атындағы ауылдан қоғамдық мұражай және Ақтан батыр ауылынан мешіттің ашылу салтанаты өткізілмек.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: