Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА «АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА «АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТҮСІНДІРІЛДІҚазалыда облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықовтың қатысуымен ҚР «Ауылшаруашылығы кооперативтері туралы» Заңын түсіндіру жұмыстарына байланысты мәжіліс өтті.
Мәжілісте «РЗА» АҚ-ның сүт зауыты базасында аудандағы және көрші аудандардағы фермерлерді, жеке қожалықтарды коорперативке біріктіріп, сол арқылы сауылған сүтті қабылдап, жинап, өңдеу көлемін арттыру , «Сыр Маржаны» ЖШС-нің бордақылау алаңын аудан көлеміндегі фермерлер мен жеке қожалықтар малымен қамтамасыз етуге байланысты коорперативтер құру мәселесі қаралды. Мәжіліске «РЗА» АҚ-ның президенті С.Имандосов, «Сыр Маржаны» ЖШС-нің директоры М.Өтеев, салалық бөлім басшылары, бірқатар ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер және шаруашылық басшылары мен тұрғындар қатысты. 
Бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, жеке кәсіпкерлер, шаруашылық басшылары мен тұрғындар сала басшыларына сауалдар жолдап, жауап алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: