Қызылордада жүк көлігі бұзылып қалған венгриялық азамат полицейлерге алғыс білдірді
Венгрия елінің азаматы Қызылорда облысы ПД патрульдік рота қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Венгриядан Алматы облысына бағыт алған DAF жүк көлігі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұсында техникалық ақау салдарынан бұзылып, жол жиегінде тұрып қалған.
Сол аймақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция ротасының қызметкерлері полиция капитаны Сейітханов Ерсұлтан және полиция лейтенанты Әптаев Мажит дереу қажетті көмек көрсеткен.
Қазақстандық полицейлерден дер кезінде көмек алған шетел азаматы алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Азаматтардың алғысы еселі еңбектің жемісі. Бұл орайда, Полиция департаментінің басшылығы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысы туралы тұрғындардың пікірін жоғары бағалайды.
Сонымен қатар, қызылордалық полицейлер жүргізушілерге жолда барынша мұқият болуды ескертеді. Ұзақ сапарға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп, оқыс оқиғалар орын алған жағдайда шұғыл қызметтерге немесе полицияға қоңырау шалуды сұрайды.