Қазалы ауданындағы «Қарлаң» көпірінің құрылысын бастау үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл мақсатта облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған еді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС танылып, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып жатыр. Алдағы уақытта «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС темір-бетон көпірінің құрылысын бастайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына қажетті саз топырақтарды алатын орындар белгіленіп, тиісті заңнамаларға сәйкес құжаттандыру жұмыстары басталды.