Қызылорда облысы ПД-нің Шиелі аудандық полиция бөліміне орын алған ұрлық жөнінде арыз түскен. Белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 3 метрден кесілген 54 дана газ құбырларын ұрлап кеткен. Мекемеге жалпы 5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.
Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар екі күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ұрлық жасаған аудан тұрғындары болып шықты. Ұрланған құбырлар заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің облыс аумағында орын алған осы тектес басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.