Бүгін 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Арал ауданында бұл мереке аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы Мұхимов әскери салада ұзақ жылдар қызмет жасап, зейнет демалысына шыққан ардагерлерді қабылдауымен басталды.
Аудан бойынша бейбіт күнде бел шешпей туған жердің тыныштығы жолында қызмет жасаған 15 ардагер болса, аудан басшысы ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда қарулы күштеріміздің атқарып жатқан еңбегін ескеріп, алғыс хатпен марапаттады.