Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде бизнес идеялар байқауы жарияланды

Құрметті Шиелі ауданының кәсіпкерлері!

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен Шиелі ауданының әкімдігі бірлесе отырып БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫН жариялайды, байқау өтініштері 18-25 наурыз аралығында қабылданады.  
Байқаудың мақсаты – аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, кәсіпкерлік қызметте инновациялық, перспективті бизнес-идеялардың бастамасына қолдау көрсету, сондай-ақ жаңа кәсіп иелерін ынталандыру.
Байқау өткізілетін күні – 26 наурыз. Байқаудың жүлдегерлеріне арналған жалпы сыйақы қоры  600 000 тг. 
Байқау ережесінің толық нұсқасымен www.kyzylorda.palata.kz веб-сайтынан танысуға болады.
Байқауға қатысты сұрақтармен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалына хабарласа аласыздар.
Мекен-жайы: Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 22 /жауапты маман Р. Нысанханов, М. Нәлібаев/.
Байланыс телефоны: 8 /72432/ 7-92-55
E-mail: zh.materzaeva@palata.kz, r.nysanhanov@palata.kz    

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: