Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық  ауыр атлет Айсамал Сансызбаева әлем кубогында жеңімпаз атанды

Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан  өткен онлайн Əлем кубогінде жерлесіміз Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тағынып, көк туымызды желбіретті.
Жарыстың соңғы күнінде  81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер арасында сынға түскен Айсамал жұлқа көтеруде - 107, серпе көтеруде - 137 келіні көтеріп,  қоссайыс нəтижесінде 244 келіні бағындырды.
Айта кетейік, ол былтырғы жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлдені иеленген болатын.
А.Сансызбаева Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды. 
Жаттықтырушылары: Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: