Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада ауыл кәсіпкерлерінн несие беруде оң нәтиже бар

Қызылорда облысында ауылдық елді мекен кәсіпкерлерін шағын несиелендіру бойынша оң нәтиже бар.  
Бұл жөнінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС-нің директоры Самат Ерниязов хабарлады.
Қазіргі кезде, орталықтың жобаларды қаржыландыру процессі орта есеппен 10 күннен 15 күн ішінде жүргізілуде.
Жалпы 2015 жылданбастап бүгінгі күнге дейін Орталықпен жалпы құны 8 млрд. 267 млн.теңгені құрайтын 1 928 кәсіпкерлердің жобалары қаржыландырылып, соның арқасында шамамен 2 320 жұмыс орындары құрылды.
Оның ішінде, ауылдық елді мекендердегі жобалардың саны 1830, қаржыландыру көлемі 7 млрд. 116 млн. теңге. Яғни, барлық қаржыландырылған жобалар бойынша несие құнының 90 пайызы ауылдық елді-мекендердегі жобаларға тиесілі болды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: