Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Отбасылық кикілжің түйіні сотта шешілді

Отбасылық кикілжің түйіні сотта шешілдіҚазалы ауданында тұратын құқық бұзушы С. өзінің үйінде әйелі К-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтты. Осылайша  отбасылық өмірдің шырқын бұзды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметнің хабаралуынша,  С. бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде, осы іс-әрекеттерді қайталап, ҚР ӘҚБтК-ң 79-5-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.
Сотта құқық бұзушы С. кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірсе, жәбірленуші К. заң талаптарына сай шара көруін сұрады.
Қазалы аудандық сотымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-5-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 /он/ тәулік әкімшілік қамауға алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: