Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада мемлекеттің жерін заңсыз сатқан алаяқтар бар

Мемлекеттің жерін заңсыз сатқан алаяқтардың кесірінен тұрғындар зардап шегіп отыр, деп хабарлайды Kogamtv.kz. Титов ықшам ауданында белгісіз екі азамтша мемлекеттің меншігіндегі жерлерді сатқан.
 

Қызылордада мемлекеттің жерін заңсыз сатқан алаяқтар бар

 

Қалалық жер бөлімінің мамандары арнайы рейдтік шара ұйымдастырып, заңсыз құрылыстарды анықтады.
Бір ғана Титов ықшам ауданының өзінде заңсыз сатылған 81 жер телімі анықталған. Жердің құжаттарын рәсімдеп береміз деп алдап соққан алаяқтар мемлекеттің жерін саудаға салған. Ауылдан көшіп келген ағайын шарасыз халде қалып отыр. Өйткені, қалай болғанда да жер телімдері мемлекеттің меншігіне қайтарылуы тиіс.
Жақсылық Ержанов, Қызылорда қалалық жер бөлімінің басшысы:
— Кез-келген жерді сатып аларда әкімдіктің қаулысы мен тиісті құжаттары болуы шарт. Ал бұл тұрғындардың ешқайсысында бірде бір құжаты жоқ. Алаяқтарға алданып қалған. Бірақ біздің міндетіміз мемлекеттің жерін қайтару.
Арнайы техника келіп заңсыз салынып жатқан құрылыстардың орнын тегістеп, қалпына келтірді. Құжатсыз жерді сатып алып, үй тұрғызған тұрғындардың ендігі жағдайы не болмақ?! Алаяқтарға алданып қалғандары жасырын емес. Бірақ жерді алған кезде оның құжатын тексерендері жөн болатын. Тұтастай бір ықшам ауданда орын алған бұл проблемадан жергілікті учаскелік полицейлер хабарсыз. Тіпті, ол бұл жағдайды бүгін естіп тұр. Сонда өзіне тиесілі аумақта не болып жатқанынан бейхабар кейбір полицейлер.
Айдос Ернияов, учаскелік полицей:
– Бұл жағдайды біз бүгін естіп отырмыз. Тұрғындар жерді Набира, Айгүл есімді азаматшалардан алғандарын атады. Бірақ, бізге ешқандай арыз-шағым түскен жоқ.
Заңсыз сатылымға түскен бұл жерлерге жоспарға сәйкес әлеуметтік нысандар – балабақша мен мектеп салынуы керек. Тұрғындарға да кінә арта алмайсың, өйткені олардың кейбіреулері жер телімдерін жер бөлімі қызметкерлері арқылы алғандарын айтады. Демек, бұл да жемқорлықтың салдарынан болып отырған жағдай. Енді заңсыз құрылыс жүргізгендердің мәселесі тиісті құзырлы органдарға жолданып, сотта шешімін таппақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: