Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда жастар жақсылық жасауды дәріптеді

Қазалы ауданы «Жастарды қолдау орталығы» мен Қазалы ауданы бойынша «Қазақстан студенттер Альянсының» белсенділерінің бастамасымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында аудан жастары ұрандатып бір күндік бес жақсылық акциясын көрсетті. 

 

Қазалыда жастар жақсылық жасауды дәріптеді

 

Жалпы қазақ халқы көктемнің шуақты күні, күн мен түннің теңесетін уақыты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде бір-біріне жақсы тілектер білдіріп, бір-біріне кешірімшіл болып реніштерін ұмытатын кезең болып табылады. 
Осы мереке қарсаңында бір күн бойы аудан жастары аудан орталығында және қарт ардагерлерімізге жақсылықтар жасап ризашылығына бөленді. Бүгін жастардың қолға алған бастамалары Әйтеке би кентінің тұрғыны тыл ардагері 95 жастағы Қанатбаева Рәш әжеміздің шаңырағында болды. Кездесу барысында әжемізге сый құрмет көрсетіп, отбасы шаруашылығына көмек беріп, ақ батасын алды. Одан әрі акция өз жалғасын тауып «Ұлы Отан» соғысының ардагері Асқаров Қайраддин ақсақалдың шаңырағында болды. Атаның отбасы шаруашылығына көмек көрсете отырып, өсиет әңгімелерімен тыңдап, алғысын алды. Содан соң жолдың көлік жүретін жолдың арғы бетінен өте алмай тұрған үлкен аналарымызбен әкелерімізге өтуіне көмек көрсетілді. Сонымен бірге аудан орталығында базарда жүрген аналарымыздың жүктерін апарысуға көмектер жасалды. Аудан орталығында өзге жастардың жат әдеттері яғни қоқыс тастап кеткен жастардың қылығын түзеп, шашылған қоқысты арналған орнына тастауға жұмыс жасады.
Осылайша қазалылық жастар өз жақсылықтарын жасай отырып, өзгеге үлгі көрсете отырып, өзгелерге ұран тастай отырып, «бүгінгі бір күндік бес жақсылық» атты акцияны жалғастыруды «Жас орда» жастар қоғамдық бірлестігіне жолдады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: