Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада есірткі тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Қызылордада үш келіге жуық есірткі тасымалдаған жүргізуші ұсталды.


“Қарасора” іс-шарасына жұмылдырылған Қызылорда облысы ПД-ның жылжымалы мобильді бекет қызметкерлерімен Қызылорда – Павлодар тас жолының 12-шақырымында жол ережесін бұзған Hyundai автокөлігі тоқтатылды. Алайда жүргізуші ескертулерге мән бермей, автокөлікті тоқтатпай, жол жиегіне шығып қозғалысты жалғастырған. 
Патрульдік полиция рота қызметкерлері трассаның 26-шақырымында автокөлікті тоқтатып, күдік тудырған автокөлікті тексеру барысында Елай атты қызметтік иттің көмегімен жүк салғышынан 3 полиэтилен пакетіне оралған өсімдік заттарын анықтады. 
Сараптама қорытындысымен алынған заттың жалпы салмағы 2,7 келі кептірілген марихуана екендігі нақтыланды.
Тексеру барысында автокөлікті тізгіндеген жүргізуші 35 жастағы астаналық тұрғын болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: