Аудандық кәмелетке толмағандар iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның кезектен тыс отырысы болып өттi. Жиынның күн тәртiбiне сәйкес жалағаш кентiндегi №123 орта мектептiң микроауданына қатысты кәмелетке толмаған С.Е. және С.М-ның әлеуметтiк жағдайына қатысты мәселе қозғалды.
Арнайы хабарлама жасаѕан №123 орта мектеп директоры Л.Шөменова осы мектептiң 3 сыныбы және мектепалды даярлық тобында оқитын С.Е. мен С.М.-ның отбасылық жағдайы өте ауыр екенiн, сол себептен балалардың сабаққа қатысуы, сабақ үлгерiмi, жалпы тәртiбi ата-ана тарапынан мүлдем бақылаусыз қалып отырғанын айтты. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясының аясында бұл балаларға оқу киiмдерi мен құрал-жабдықтарына демеушiлер арқылы көмек көрсетiлiп келдi. Сондай-ақ, мiндеттi оқу қорының есебiнен ыстық тамақпен де қамтамасыз етiлген. Дегенмен, мектеп ұжымын, жалпы бiлiм бөлiмiн бұл балалардың отбасылық тәрбиеден тыс қалғаны алаңдатып отыр. Осы мәселеге байланысты арнайы талдау жасаған Жалағаш аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң әкiмшiлiк полиция бөлiмшесiнiң ювеналды полиция тобының мектеп учаскелiк полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Серiкбаевтың хабарламасында төмендегiдей деректер комиссия құрамының назарына ұсынылды. №123 орта мектеп оқушылары С.Е. және С.М.- ның отбасында анасы Д.Қ. және үш баласы тұрады. Ең кiшiсi бес айлық сәби. (Жолдасы Р.К. ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 259 бабының 2 бөлiгi бойынша қылмыстық iс қозғалып, бес жылға сотталған. Қазiргi таңда жазасын өтеуде). Балалардың анасы Д.Қ.-ның үстiнен де 3 мәрте қылмыстық iс қозғалғаны анықталып отыр. Бүгiнгi таңда аз қамтылған отбасының балаларына мектеп тарапынан киiм-кешек, оқу-құралдары түгел әперiлсе де, ана тәрбиесiнен тыс қалып отыр. Жоғарыда аталған жайларды растаған көршiлерiнiң де түсiнiктерi тiркелген. Сондай-ақ, бүгiнгi таңда бұл отбасының баспанасы да сатылып кеткенi белгiлi болып отыр. Осындай нақты мәлiметтердi назарға ала отырып, аудандық кәмелетке толмағандар iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның қабылдаған қаулысымен: Кәмелетке толмаған балалардың анасы Д.Қ.-ның заңдылыққа сәйкес жауапкершiлiгiне байланысты аудандық бiлiм бөлiмi жанындағы қамқоршылық, қорғаншылық кеңесi және аудандық iшкi iстер бөлiмi тарапынан талдау жұмыстары жүргiзiлiп, зерттелiп, Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотына құжаттары жинақталып, 10 күн мерзiм iшiнде жiберудi ұйғарды. Сонымен бiрге талдау барысында балалардың анасы Д.Қ.-ның және үш баласының денсаулық жағдайы жан-жақты тексеруден өткiзiлiп, мүмкiндiгiнше қолдау шаралары қажеттiгi айтылды. Бұл мәселенi дәрiгер, комиссия мүшесi А.Сүлекеева мiндетiне алды. Комиссия төрайымы Қ.Мұстафаева аудандық iшкi iстер бөлiмiне жоғарыда аталған мәселенi жедел түрде үйлестiруге тапсырма бердi.