"Қайсар" футбол орталығының жанынан Қазалы ауданында қыздар футболы қолға алынады. 2009-2010 жылы туған қыздар аладоп әліппесін үйреніп, Қазақстан кәсіпқой лигасының регламентіне сәйкес футбол орталықтары мен академиялар арасындағы біріншілікте бақ сынайды.
- Балалар және жасөспірім футболын аймақта дамыту маңызды бағыттарымыздың бірі. Ауыл-аудандағы балаларды да назардан тыс шығармауымыз керек. Жалпы қыздар футболын Қазалы ауданынан ашумыздың үлкен себебі бар. Қазыналы Қазалыда қыздар футболына сұраныс жоғары. Ауданның түлегі, Қазақстан құрамасының ойыншысы Құндыз Қожахмет бүгінде облыс мақтанышына айналып отыр. Жаңа филиалдан Құндыздың жолын жалғар шебер футболшылар түлеп ұшады деген сенім мол, - деді клуб директоры Жағыппар Жұмахметов.
Айта кетейік, Қазалы ауданында жасөспірім қыздарды жаттықтырушы Әлішер Қауымбаев баптайды.