Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ҮЙ САЛЫНАДЫ


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді.
"Шиелі ауданындағы өзекті мәселенің бірі - тұрғын үй. Бүгінде 670 шиелілік тұрғын үй кезегінде тұр. Қазіргі таңда жобалық құны 825 млн. теңгенің 18 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құжаттары республикалық бюджеттен қаржы алуға жолданды. Ендігі кезекте 18 пәтерлі 1 тұрғын үйдің, Береке мөлтек ауданынан қолжетімді 25 тұрғын үйдің, Ақ Орда мөлтек ауданынан қолжетімді 34 тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттарын толық бітіріп, республикалық бюджеттен қаржы алуға бюджеттік өтінім тапсыруға жұмыс жасалуда", - деді аудан әкімі.
Ағымдағы жылы жеке инвесторларды жаңа құрылыстар салуға тарту бірінші кезекте тұр, сондай-ақ бюджеттен қаржысы бөлінген инфрақұрылым, ауыз су құрылысы, мектеп және клубтардың құрылыс жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын наурыз айына дейін толық бітіріп, республикалық бюджеттен қаржы алу жұмыстары жеделдетілетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: