ТАБИҒАТ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН АЗАМАТТАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН
2016 жылдың І жартыжылдығында табиғат заңнамасын сақтамау бойынша 345 құқық бұзушылық анықталып, ол бойынша 2875,9 мың теңге айыппұл салынған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Исатай Әбдіразақов баяндады.
Ағымдағы жылдың 6 айында заңсыз балық аулаудың 309 дерегі бойынша ереже бұзушылардан 1926 кг балық және 81 дана әр түрлі балық аулау құралдары тәркіленіп, мемлекет пайдасына қаржы 220,9 мың теңге қаржы түсірілген.
- Бүгінгі күні атқарылып жатқан үлкен жұмыстардың бірі – облыс көлеміндегі күріштік алқаптардан, қашыртқылар мен ирригациялық каналдардан балық шабақтарын құтқару іс-шарасына байланысты аудан және қала әкімдіктері, аудандардағы орман шаруашылықтары мекемелерімен бірлесіп инспекция тарапынан комиссия құрылып, су айдындарына балық шабақтарын құтқару және су айдындарына жіберу жұмыстары жүргізілуде, - деді инспекция басшысының орынбасары.
2016 жыл көлемінде облыстың су айдындарында 7992 тонна балық аулау лимиті бөлінсе, соның 2743 тоннасы жартыжылдықта игеріліп, 1698 тоннасы табиғат пайдаланушыларымен ауланған.