Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы сарбаздарының әлеуеті талқыланды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұловпен кездесті.

Кездесуде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы сарбаздарының әлеуеті талқыланды. Сондай-ақ, аймақ басшысына генерал-майор қолбасшылықта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Облыс әкімі пандемия кезінде коронавирусқа қарсы күресте әскерилердің қосқан үлесін ерекше атап өтті. Қызылорда гарнизонына қарасты 66597 әскери бөлімі наурыз-маусым айлары аралығында облыс көлемінде әкімдіктер, құқық қорғау органдарымен бірлесіп дизенфекция жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қала, аудан және ауыларалық блокбекеттерде күні-түні қызмет көрсетті. Бұл шараларға бөлім тарапынан әскери қызмкеткерлермен қатар қажетті техникалар тартылған.
Г.Әбдіқалықова алдағы уақытта да бірлесе атқарылатын жұмыстарды одан әрі жалғастыру керектігін айтты.
Айта кету керек, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 2000 жылы құрылған. Бұл Қазақстан Республикасы қарулы күштеріндегі ең ірі құрама болып саналады. Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкентте орналасқан әскери бөлімдер мен құрамалардан тұрады.Басты міндеті – Қазақстанның оңтүстік шептерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал, Қызылорда гарнизонына қарасты 66597 әскери бөлімі 2015 жылдың сәуір айында құрылған. Сол уақыттан бері өңірде ұйымдастырылған әскери дайындық, оқу-жаттығу және практикалық шараларға ат салысып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: