Қызылордалық кәсіпкер Нұрбек Қазбергенов 2012 жылдан бері Қазалы кәмпиттерін шығарып келеді. Кәмпит шығаратын өз цехын ол сол жылы ашқан.
Себебі бұл бизнес – отбасылық кәсіп. 2012 жылға дейін кәмпит шығарумен Нұрбектің анасы Фатима айналысқан. Ол кезде тәттілер қолмен қайнатылып, қапталатын. Қазіргі цехта заманауи технологиялар бар, барлық шаруа автоматтандырылған.
Кәсіпкер өнімін Қазалы ауданында орналасқан «Нұрбек» атты дүкенінде сатады. Жалбыз дәмі бар қатты кәмпитіне инновациялық патенті бар. Өнімдер кеден одағының декларациясына сай. Қазір бөріқарақат, жалбыз, рокс, апельсин, лимон, шие және дюшес дәмі бар кәмпиттер шығарады. «Қазбергенова Н» ЖК кәмпиттері 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығымен «Халыққа арналған үздік тауар» номинациясында марапат алған.