Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сексеуіл кентінде мәдениет үйі ашылды

Сексеуіл кентінде мәдениет үйі ашылдыБүгін Арал ауданы, Сексеуіл кентінде жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Бұл салтанатты шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, лентасын кесті. 
Мәдениет үйі 150 орындыққа арналған. Құрлыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 143 миллион теңге бөлінген. Мәдениет үйі заманауи техникалармен қамтамасыз етілген. Айта кетейік бұған дейін осы жылдың маусым айында Қамыстыбас елді - мекенінде 2 қабатты, 150 орындықты мәдениет үй пайдалануға берілген болатын. Бұл біздің ауданда ашылып отырған екінші мәдениет үйі. Халықты осы қуанышымен құттықтаған аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы: «Бұл мәдениет үйі Арал атын асқақтатар өнерлі өрендерді тәрбиелей берсін »,- деп тілегін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: