Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордадағы қарттар үйі қайта жаңғыртылды

Қызылордадағы қарттар үйі қайта жаңғыртылдыБүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне барып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ғимарат 1990 жылы салынып, қолданысқа берілген. Бірақ, содан бері күрделі жөндеуден өтпеген болатын. 
- Қарттар үйіне жүргізілген құрылыс жұмыстары мұнымен аяқталып қоймайды. Алдағы уақытта интернат үйінің маңын көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, Сіздер әңгіме-дүкен құрып, арқа-жарқа болып отыру үшін ыңғайлы орындықтар, фонтан орнатылатын болады. Елдігіміз еңселі, заманымыз тыныш, халқымыз берекелі болсын, - облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аймақ басшысы мерекеге орай интернат үйіне теледидар сыйға тартты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: