Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АБАЙ АУЫЛЫ АУЫЗ СУҒА ҚОСЫЛҒАН

АБАЙ АУЫЛЫ АУЫЗ СУҒА ҚОСЫЛҒАНҚазалы ауданындағы Сарыкөл ауылдық округі Абай ауылындағы барлық 186 үй сервистік желі арқылы толық таза сумен қамтылған. Бұл туралы округ әкімі Ә.Дидаров халық алдында есепті кездесуде баяндады. 
Қазіргі уақытта ауылдың батыс беткейіндегі ауыл тұрғындарына аяқ су беруге және 3 га аймаққа «Жасыл желек» жасау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы саябаққа «Жеңіс жұлдызы» ескерткіші мен ауылдың кіре берісіне «Абай ауылы» қақпасы орнатылған. Ауыл көшелеріне 36 дана түнгі жарықшамдарымен қамтылған. Аудандық маңыздағы «Абай ауылына кіре беріс» жолын (2,335 км) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, округте 16 шаруа қожалығы, 8 жеке кәсіпкер, 2 балық өндірісімен айналысатын кәсіпкер тіркелген. 2015 жылы 150 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілді. Кітапханада 23 370 кітап қоры бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: