Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ғалымдар коронавирусты емдеудің жаңа әдісін тапты

Лондон императорлық колледжінің ғалымдары қабынуға қарсы стероидты гидрокортизон препараты COVID-19-дың ауыр түрін жұқтырған науқастары арасында өлімді төмендетуі мүмкін деген қорытындыға келді. Бұл туралы колледж сайтында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеу 2020 жылдың наурызынан маусымға дейін созылды, оған коронавирустың ауыр түрімен ауыратын 403 науқас қатысты. Қатысушылар үш топқа бөлінді. Бірінші топқа жеті күн ішінде төрт рет 50 миллиграмм гидрокортизон берілді, екінші топ оны тек қан қысымы төмендеген кезде алды, ал үшінші топ дәрі-дәрмекті алмады.
Ғалымдар жеті күн бойы гидрокортизон алған пациенттердің сауығуы мұндай курстан өтпегендерге қарағанда 93 пайызға жоғары екенін анықтады. Ал екінші топта препарат 80 пайызға пайдалы болды.
"Стероидтер дәрі емес, бірақ олар нәтижелерді жақсартуға көмектеседі, сонымен қатар дәрі-дәрмек мәселесін жеңілдетеді", - деді  зерттеу жетекшісі Энтони Гордон.
Зерттеушілер сонымен қатар басқа стероидты препараттардың, атап айтқанда дексаметазон мен метилпреднизолонның COVID-19-дың ауыр түрін жұқтырған науқастарға әсерін зерттеді.
Метилпреднизолонның өлім қаупін 9 пайызға төмендететіні анықталды (оны тоғыз адамнан тұратын топ қабылдады), ал дексаметазон 36 пайызға (оны 1282 пациент қабылдады).
"Бұл нәтижелер стероидтердің COVID-19-дың ауыр түріміне ауыратын  науқастарды емдеуге көмектесетінін растайды", - деді профессор Джонатан Ван-Там.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: