Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шалғай ауылдың шаруасымен танысты

Шалғай ауылдың шаруасымен таныстыШағын елді мекендердің әлеуметтік жағдайы билік бет бұрғанда ғана түзелетіндігі анық. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Шәкен елді мекенінде болып, халықпен кездесуді мақсат еткен аудан әкімі Нажмадин Шамұратов елдің тыныс-тіршілігін білді. 
Елдегі бірқатар мәселелер төңірегінде халықпен ой бөліскен аудан басшысы ауылдың мұң-мұқтажын да ойға түйіп қайтты. Шәкен елді мекені шалғайдағы шағын ауыл. Бүгінде мұндағы халық тіршілік көзін төрт түлік мал өсіруден тапқан. Адал еңбекпен нанын тауып, нәпақаның шын қадірін ұққан тұрғындар да осы ауылда. 
Аудан әкімі елді-мекендегі 2 мектеп пен дәрігерлік амбулаторияның жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, ел қаржысына жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысын да көріп қайтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: