Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Самара-Шымкент» автомобиль жолы бойында тазалық акциясы өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты Өңірлік коммуникациялар қызметі және «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолы бойында тазалық акциясы өтті.


Бұл акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауды насихаттау арқылы қоғамның тазалық сақтауға деген көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Акция барысында аталмыш мекеме қызметкерлері жол бойындағы қоқыстарды тазалап, халыққа арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ бөлім басшысы Ғалымжан Оспанов БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, тазалық акциясының маңыздылығына тоқталып өтті.
-Біздің мекеменің қызметкерлері республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тас жолында транзиттік жүйені қадағалаумен қатар күнделікті тазалық жұмыстарын жүргізеді. Өздеріңізге белгілі, жол бойының әрдайым таза болуы ерекше  маңызды ие. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде ұдайы өткізіліп отырады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бізге белгілеп берілген республикалық маңыздағы жолдардың тазалығына байланысты бірқатар тапсырмалар берілді. Осыған сәйкес, жоспарланған межеде автомобиль жолдарының тазалығы басты назарымызда болады. Қазіргі таңда «Самара-Шымкент» автомобиль жолында күніне 7 мыңға жуық көлік жүруіне байланысты  әрбір жүргізушіге  түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жол бойындағы алаңқайлар мен павильондарда қоқыс тастауға арналған жәшіктер қойылған, - деді бөлім басшысы Ғалымжан Оспанов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: